Балабақшада жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Лего конструкциясын қолдану барысында техникалық шығармашылықты дамыту» тақырыбында №4 педагогикалық кеңес өтті. «Ертегі» арнайы тобының тәрбиешісі Бекмұхамбетова Ж.Қ., «Қарлығаш» ересек тобының мұғалімі Кобзева Н.В. тақырып бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.Лего конструкциясын қолдану барысында балалардың техникалық шығармашылығындамытудағы жұмысты сақтау және жетілдіру жолдарын таңдадық.
Балабақшаның әдіскері Калинина А.В. ұжымды Lego конструкциясын қолдану
процесінде техникалық шығармашылықты дамыту бойынша оқу-тәрбие жұмысының
жағдайы туралы аналитикалық ақпаратпен таныстырды. Педагогикалық кеңес тренингпен аяқталды.













