📢 «Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау» ❗ Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! 📍 1 сәуірден 1 тамызға дейін барлық білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау басталады. 📍Өтініш «электрондық үкімет» веб - порталы egov.kz немесе «SAKURA: e-school» электронды порталы (https://int.school.kst-goo.e-orda.kz) арқылы беріледі. 📍 Өтініш беру кезінде сіз өзіңіздің аймағыңызға қатыстылығы бойынша мектепті таңдауыңыз қажет. Мұны "Сакура" жүйесі арқылы да жасауға болады. 📍 Портал арқылы өтінім беру үшін: Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші Сандық фотосурет 3х4 см № 026/у-3 нысанға сәйкес баланың денсаулық паспорты № 065/у нысанына сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда) керек 📍1 сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады. 📍Құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін мыналар негіз бола алады: сынып-жиынтықтардың толып кетуі, құжаттардың немесе олардағы деректердің дұрыс еместігін анықтау. ☎️ Барлық сұрақтар бойынша Қостанай қаласының білім беру ұйымдарына немесе білім бөліміне телефон арқылы хабарласуға болады: т.54-71-30.