Жем қаласының №5 ЖББО мектебінің оқушылары үшін "Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік" тақырыбында қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты:

• Оқушыларды интернет пен әлеуметтік желідегі қауіп - қатерлермен таныстыру;

• Ақпараттық сауаттылықты арттыру, қауіпсіздікті сақтаудың жолдарын түсіндіру;


Жем қаласының №5 ЖББ орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен "Реніштен арылу" тақырыбында ағартушылық сабағы өткізілді.

Мақсаты: өзін - өзі ұстай білуге үйрету, қиындық кезінде басқаларға көмек көрсету. Сабақ барысында оқушылар түрлі жаттығуларды орындап, ойларымен бөлісті.

Мектеп психологі Э.Н.Кудайбергенова


8 сынып оқушылары үшін «Пікірталас - жанжал емес» тренингі өткізілді.

Мақсаты: жанжал жағдайларында мінез - құлықтың сындарлы (конструктивті) амалдарын дамыту, сенімділік тәжірибесін толықтыру, құрбыларымен зорлық - зомбылықсыз өзара сыйласымды қарым - қатынас жасауға дағдылану.

Мектеп психологі: Э.Н.Кудайбергенова


7 сынып оқушылары үшін «Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту» тақырыбында тренинг сабақ жүргізілді.

Мақсаты: Қауіптен бас тартқан жағдайдағы әлеуметтік дағдыларды дамыту; бақылау және өзін - өзі қадағалау сәттеріндегі дағдыларды дамыту; қарым - қатынастың вербальды және басқа құралдарды дамыту; әлеуметтік ықтимал қауіпті жағдайларды айыры білу қабілеттерін қалыптастыру; әлеуметтік қауіп жағдайларындағы іс - әрекет амалдары туралы көріністерді дамыту.

Мектеп психологі: Э.Н.Кудайбергенова


Жем қаласының №5 ЖББО мектебінің 5 сынып оқушыларымен «Бірінші рет 5 - сыныпқа» тақырыбында тренинг сабақ өткізілді.

Мақсаты: жаңа оқу жылына сәтті бейімделуіне әлеуметтік - психологиялық жағдай жасау; тұрақты оқу мотивациясын қалыптастыру. Құрдастарымен, мұғалімдермен қарым - қатынас жасауға қажетті коммуникативтік икемділіктерін дамыту.

Мектеп психологі: Э.Н.Кудайбергенова


Жем қаласының №5 ЖББО мектебінде «Бірінші сыныпқа бейімделуге көмек» тақырыбында 1 сынып оқушылары үшін тренинг сабақ ұйымдастырылды.

Мақсаты: Бірінші сынып оқушыларын жаңа әлеуметтік даму жағдайына бейімделу кезеңінде психологиялық - педагогикалық қолдау жасау. Бірінші сынып оқушыларында пайда болуы мүмкін мектептік бейімсіздену және мазасыздықтың алдын - алу.

Сабақ барысында оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, мектеп, мұғалім туралы жағымды ой қалыптастыру үшін ойын - жаттығулар өткізілді.

Мектеп психологі: Э.Н.Кудайбергенова


Жем қаласының №5 ЖББО мектебінің педагогтары үшін "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында жиналыс өткізілді.

Күн тәртібінде "Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру" мәселесі қаралды. Оқушыларды әлеуметтік желілердің теріс әсерінен қорғау, олардың саналы әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау үшін бірлесіп жұмыс жасау қажет екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы шеңберінде "Қауіпсіздік сабағын" өткізу, ата - аналарға "Өнегелі 15 минут" бастамасының маңыздылығын түсіндіру туралы айтылды.

Мақсаты:

• Интернет пен әлеуметтік желідегі қауіп - қатерлерімен таныстыру;

• Ақпараттық сауаттылықты арттыру, қауіпсіздікті сақтаудың жолдарын түсіндіру;

• Баланың интернеттегі мінез - құлқын бақылау мен қолдау тәсілдерін ұсыну.


Жем қаласының №5 ЖББО мектебінің ата - аналары үшін “Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік" тақырыбында жиналыс ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы шеңберінде ата - аналарға "Өнегелі 15 минут" бастамасының маңыздылығын түсіндірілді.

Мақсаты:

• Ата - аналарды балалардың интернет пен әлеуметтік желідегі қауіп - қатерлерімен таныстыру;

• Ақпараттық сауаттылықты арттыру, қауіпсіздікті сақтаудың жолдарын түсіндіру;

• Баланың интернеттегі мінез - құлқын бақылау мен қолдау тәсілдерін ұсыну.


Жем қаласының №5 ЖББОМ 2025 жылдың 12 - қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл - ауқатын арттыру ұлттық ғылыми - практикалық институтының қатынас хатына сәйкес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зорлық - зомбылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында педагогтерге «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зорлық - зомбылықтың алдын алу» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар барысында зорлық - зомбылықтың алдын алу, оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп психологі: Э.Н.Кудайбергенова, аға тәлімгер Г.Б.Босназарова.


Жем қаласының №5 ЖББОМ 11 - қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл - ауқатын арттыру ұлттық ғылыми - практикалық институтының қатынас хатына сәйкес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зорлық - зомбылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында ата - аналарға «Буллингпен күресте отбасының рөлі» тақырыбында тренинг жүргізілді. Мектеп психологі: Э.Н.Кудайбергенова.